Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Қыркүйектегі арнайы науқанда Құдай Патшалығы туралы жариялаймыз!

Қыркүйектегі арнайы науқанда Құдай Патшалығы туралы жариялаймыз!

Біз адамзаттың проблемасын тек Құдай Патшалығы шешетіні жайлы қыркүйек айында барынша жариялайтын боламыз (Мт 24:14). Сіз де бұған атсалысу үшін не істей аласыз? Науқан кезінде Құдай Патшалығы жайлы тармақты мейлінше көп адамға оқып беріңіз. Әлдекім қызығушылық білдірсе, оған 2020 жылғы көпшілікке арналған “Күзет мұнарасының” № 2 санын көрсетіңіз. Адамның қызығушылығы суып қалмас үшін тез арада қайта барып, “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітапшасымен зерттеу сабағын бастауға тырысыңыз. Осы айда қосалқы ізашар болып қызмет ететіндер 15 не 30 сағат нормасын таңдай алады.

Құдай Патшалығы оған қарсы шыққан барша үкіметті күл-талқан ететін уақыт өте жақын (Дн 2:44; Қ1х 15:24, 25). Ендеше, осы ерекше мүмкіндікті толық пайдаланып, Ехоба мен оның Патшалығына адал екенімізді паш етейік!