Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Ехобаның айнымас сүйіспеншілігіне еліктеңіз

Ехобаның айнымас сүйіспеншілігіне еліктеңіз

Ехоба — айнымас сүйіспеншіліктің кемелді үлгісі (Зб 103:11). Мұндай сүйіспеншілік қас-қағымдық, өткінші сезім емес. Бұл қасиет мәңгіге қатты бауыр басуды білдіреді. Ехоба өзінің халқы Исраилге көптеген жолдармен айнымас сүйіспеншілік танытқан. Мысал үшін, оларды Мысырдың құлдығынан босатып, Уәде етілген жерге қоныстандырды (Зб 105:42—44). Сондай-ақ олар үшін өзі шайқасты, ал күнә жасаған кездерінде қайта-қайта кешіріп отырды (Зб 107:19, 20). Ехобаның айнымас сүйіспеншілікпен жасаған істеріне мұқият ден қоятын болсақ, біз де оған еліктеуге талпынамыз (Зб 107:43).

ЕХОБАНЫҢ АЙНЫМАС СҮЙІСПЕНШІЛІГІНЕ МҰҚИЯТ ДЕН ҚОЙЫҢЫЗ” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Айнымас сүйіспеншілікті қандай жолдармен көрсете аламыз?

  • Айнымас сүйіспеншілік таныту неге құрбандықтарға баруды талап етеді?