Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

“Коккинакис Грекияға қарсы” (Droit réservé)

Жоғарыдағы суреттер: “Батыс Виргиния штатының білім беру бөлімі Барнетке қарсы”; “Коккинакис Грекияға қарсы” Төмендегі суреттер: “Ча мен басқалар Оңтүстік Кореяға қарсы”; “Таганрогтағы жергілікті діни ұйым мен басқалар Ресейге қарсы”

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

“Ізгі хабарды қорғап, оны заңдастыру”

“Ізгі хабарды қорғап, оны заңдастыру”

Жаулары бөгет жасамақ болғанда, исраилдіктер ғибадатхана құрылысын заңды түрде жалғастыру үшін қажетті шара қолданды (Езр 5:11—16). Тура солай, бүгінде мәсіхшілер ізгі хабарды қорғап, оны заңдастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды (Фп 1:7). Осы орайда 1936 жылы дүниежүзілік бас басқармада заң бөлімі құрылды. Бұл бөлім бүкіл дүниежүзі бойынша Патшалық мүддесін қорғаумен байланысты істерді ұйымдастырады. Бас басқармадағы заң бөлімі Патшалық ісінің алға жылжуына қандай үлес қосып жатыр? Құдай халқы бұл бөлімнің қандай игілігін көріп жүр?

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАС БАСҚАРМАДАҒЫ ЗАҢ БӨЛІМІ” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Ехоба куәгерлері заңмен байланысты қандай қиындықтарға кезігеді?

  • Біз қандай соттарда жеңіске жеттік? Мысал келтіріңіз.

  • “Ізгі хабарды қорғап, оны заңдастыру” үшін әрқайсысымыз қалай үлес қоса аламыз?

  • Сайтымызда Құдай халқына қатысты заңды мәселелер туралы қай жерден оқысақ болады және сенімдері үшін түрмеде отырған Ехоба куәгерлерінің тізімін қайдан көрсек болады?