Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Олар бізге жанқиярлықпен қызмет етеді

Олар бізге жанқиярлықпен қызмет етеді

Аудандық бақылаушылар мен олардың әйелдері өзгелерге жанқиярлықпен қызмет етеді. Бәріміз сияқты олардың да жеке шаруалары бар, олар да кейде шаршайды, көңілдері түседі, уайымдайды (Жқ 5:17). Соған қарамастан, апта сайын қауымдарға сапармен барып, бауырластарға жігер береді. Расында да, аудандық бақылаушылар “екі есе құрметке лайық” (Т1х 5:17).

Елші Пауыл “рухани сыймен бөлісу” үшін Римдегі қауымға сапармен баруды жоспарлағанда, бауырластармен “өзара жігерленуге” асық болған (Рм 1:11, 12). Сіз аудандық бақылаушы мен оның әйелін қалай жігерлендірсем болады деп ойланғансыз ба?

ҚАШЫҚТАҒЫ АУДАНДЫҚ БАҚЫЛАУШЫНЫҢ ӨМІРІ” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Аудандық бақылаушылар мен олардың әйелдері қауым үшін қалай жанқиярлық танытады?

  • Өз басыңыз олардың қызметінің қандай игілігін көрдіңіз?

  • Біз оларға қалай жігер берсек болады?