Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

5—11 тамыз

ЗӘБҮР 70—72

5—11 тамыз

59-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. “Келер ұрпаққа” Құдайдың құдіреті жайлы айтыңыз

(10 мин.)

Дәуіт жастайынан Ехобаның қорғанышын сезінген (Зб 71:5; w99 1.11. 27-б., 17-абз.)

Ол қартайған кезінде де Ехобаның қолдауын көрген (Зб 71:9; g04 8.10. 23-б., 3-абз.)

Дәуіт басынан өткендерін жас буынға айтып, оларды жігерлендірген (Зб 71:17, 18; w14 15.1. 23-б., 4, 5-абз.)

ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “Отбасылық ғибадатымызға Ехобаға бұрыннан қызмет етіп келе жатқан қай бауырласты шақырып, сұхбат алсақ болады?”

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Зб 72:8. Мұсаның 1-жазбасы 15:18-де жазылған Ехобаның Ыбырайымға берген уәдесі Сүлейменнің билігі кезінде қалай орындалды? (it-1 768-б.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(3 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Үй иесі сөз таластыра бастағанда, әңгімені жағымды мәнерде аяқтаңыз. (lmd 4-сабақ, 5-тақырыпша)

5. Қызығушылықты арттыру

(4 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Киелі кітапты зерттеуден тартыншақтайтын туысыңызбен әңгімеңізді жалғастырыңыз. (lmd 8-сабақ, 4-тақырыпша)

6. Нанымдарымызды түсіндіру

(5 мин.) Баяндама. ijwfq 49-мақала. Тақырыбы: “Неге Ехоба куәгерлері кейбір діни ілімдерін өзгертеді?” (th 17-сабақ)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

76-ән

7. Отбасылық ғибадатқа арналған ұсыныстар

(15 мин.) Талқылау.

Балаларды “Ехоба айтқандай тәрбиелеп, оның ақыл-кеңесін беріп өсіру” үшін отбасылық ғибадаттың маңызы зор (Еф 6:4). Балаларды үйрету оңай шаруа емес. Бірақ сіз одан рақат таба аласыз, әсіресе балаларыңыздың Киелі кітап шындықтарына деген тәбеттері ашылып жатқанын көрген кезде (Жх 6:27; Пт1х 2:2). “ Былай істеп көріңіздер” деген қоршау ата-аналарға отбасылық ғибадатты пайдалы да қызықты етіп өткізуге көмектеседі. Сол қоршауды келесі сұрақтардың көмегімен қарастырыңыз:

  • Осы ұсыныстардың қайсысын қолданып көргілеріңіз келеді?

  • Бұдан басқа тағы қандай ұсыныстар пайдалы болады деп ойлайсыз?

“Отбасылық ғибадаттың сапасын жақсарта беріңіз” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақты қойыңыз:

  • Қалай күйеуі отбасылық ғибадатты әйеліне қызықты етіп өткізе алады?

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 123-ән және дұға