Соқашы жерді түзу жырту үшін артына жалтақтай бермеу керек. Сол сияқты мәсіхші де осы дүниеде қалдырған нәрселеріне алаңдамауы қажет (Фп 3:13).
Қиындықтарға кезіккенде “бұрынғы күндерім жақсы еді” деп, шындыққа дейінгі өмірді аңсап кету оңай. Мұндайда біз “бұрын әлдеқайда бақыттырақ едік, қиындықтарымыз да аз еді” деп асыра сілтеуге бейімбіз. Исраилдіктер Мысырдан шыққаннан кейін дәл осындай ойларға берілген (М4ж 11:5, 6). Бірақ мұндай ойларға берілсек, бұрынғы өмірімізге қайтқымыз келіп кетуі мүмкін. Сондықтан да қазіргі баталарымыз жайлы ой жүгіртіп, болашақта Патшалықтың қол астында өтетін бақытты өмірге көз тіккеніміз қаншалықты маңызды десеңізші! (Қ2х 4:16—18).