Жүрегімізді жамандыққа бұрмайық
Ехобаның нұсқаулары бізді жамандықтан қорғайды. Бірақ бұл үшін оларды өз жүрегімізде сақтауымыз қажет (Н.с 7:3). Ехобаның қызметшісі жүрегін жамандыққа бұрса, Шайтанның тез шырмап алатын торына түсіп қалуы оп-оңай. Нақыл сөздер 7-тарауда жүрегінің алдауына беріліп қалған жас жігіт жайлы айтылады. Оның қателігінен біз қандай сабақ аламыз?
-
Шайтан бізді Ехобадан алыстату үшін, бес сезу қабілетіміз арқылы жаман іске итермелеуге тырысады
-
Даналық пен түсінік күнәнің рухани күйімізді күйрететін ауыр зардабын көріп, одан аулақ болуға көмектеседі