Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | НАҚЫЛ СӨЗДЕР 12—16

Алтыннан гөрі даналық артық

Алтыннан гөрі даналық артық

Құдайдың даналығы неге соншалықты құнды? Даналық адамды жаман жолға түсуден сақтап, өмірін аман алып қалады. Сондай-ақ даналық адамның көзқарасы, сөйлеген сөзі мен іс-әрекеттеріне жақсы әсер етеді.

Даналық көкіректеніп кетуден сақтайды

16:18, 19

  • Дана адам даналық атаулының қайнар көзі Ехоба екенін түсінеді

  • Әсіресе жетістікке қол жеткізгендер я мойнына көбірек жауапкершілік алғандар көкірек, тәкаппар болып кетуден сақ болғандары жөн

Даналық жанға жағымды сөйлеуге талпындырады

16:21—24

  • Дана адам басқалардың жақсы жағын көре біледі әрі олар жайлы жағымды нәрселер айтады

  • Дананың сөзі жанға бататын ащы я дау-дамай тудыратын өткір емес, нанымды әрі балдай тәтті болады