МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Жақсы түсініктеме беруді үйренейік
Жақсы түсініктемелер қауымның рухын нығайтады (Рм 14:19). Түсініктеме айтқандардың өздері де мұның көп пайдасын көреді (Н.с 15:23, 28). Сондықтан да әр кездесуде кем дегенде бір рет жауап беруге тырысқанымыз дұрыс. Әрине, қолымызды көтерген сайын бізден сұрайды деп күте алмаймыз. Сондықтан да бірнеше түсініктеме дайындап келгеніміз жақсы.
Жақсы түсініктеме...
-
қарапайым, қысқа да нұсқа болады. Көп жағдайда оны 30 секунд ішінде не одан аз уақытта айтуға болады
-
адамның өз сөзімен айтылу керек
-
алдыңғы түсініктемені қажетсіз қайталамайды
Бірінші болып жауап берсеңіз...
-
сұраққа тікелей әрі қарапайым етіп жауап беріңіз
Басқа біреу сұраққа жауап берген болса, сіз...
-
сонда келтірілген тармақтың қарастырылып жатқан ойға қандай қатысы бар екенін айтсаңыз болады
-
бұл жайттың өмірімізге қалай әсер ететінін айтып кетіңіз
-
мәліметті қалай қолдануға болатынын түсіндіріңіз
-
негізгі ойды аша түсетін оқиғаны қысқаша айтып беріңіз