Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | НАҚЫЛ СӨЗДЕР 1—6

“Ехобаға бар жүрегімізбен сенім артайық”

“Ехобаға бар жүрегімізбен сенім артайық”

Біз Ехобаға толықтай сенім арта аламыз. Оның есімі — барлық уәделерін орындауға құдіреті жететініне мықты кепіл. Ехобаға деген сенімділігімізді арттыруда дұғаның көмегі зор. Нақыл сөздер кітабының 3-тарауынан көретініміз, Ехобаға арқа сүйесек, ол біздің жолымызды тегістеп, үмітімізді сөзсіз ақтайды.

Өзін дана санайтындар...

3:5—7

  • Ехобаның жетекшілігіне жүгінбестен, алдымен өзі шешім қабылдайды

  • өзінің не осы дүниенің ақылына сүйенеді

Ехобаға сенім артатындар...

  • Киелі кітапты зерттеу, ой жүгірту мен дұға ету арқылы онымен қарым-қатынасын нығайтады

  • Ехобаның жол сілтеуін қалағандықтан, шешім қабылдарда Киелі кітаптағы қағидаларды қарастырады

МЕН ҚАЛАЙ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН?

АЛДЫМЕН, маған дұрыс көрінген шешімді қабылдаймын

АЛДЫМЕН, дұға ету және жеке зерттеу жүргізу арқылы Ехобаның жетекшілігіне жүгінемін

СОСЫН, Ехобадан сол шешіміме батасын беруін сұраймын

СОСЫН, Киелі кітаптың қағидаларына сай келетін шешім қабылдаймын