Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | НАҚЫЛ СӨЗДЕР 22—26

“Баланы тәрбиелеп, тура жолға сал”

“Баланы тәрбиелеп, тура жолға сал”

Нақыл сөздерде ата-аналар үшін таптырмас кеңестер жазылған. Бұтаны ағашқа байласа жақсы өседі, сол сияқты өсіп келе жатқан балаға тәлім-тәрбие берсе, ол Ехобаға қызмет етуге талпынады.

22:6

  • Баланы тәрбиелеп өсіру көп уақыт пен күшті талап етеді

  • Ата-аналар балаларына жақсы үлгі көрсетулері қажет және оларға ақыл-кеңес беріп, жамандықтан сақтандырып, жөнге салып отырулары керек

22:15

  • Жөнге салу деген баланың ой-санасы мен жүрек қалауларын сүйіспеншілікпен түзетіп отыруды білдіреді

  • Балаларды әртүрлі жолмен жөнге салу керек болады