Ұсыныс үлгілері
“ОЯНЫҢДАР!”
Сұрақ: Біреулер Иса пайғамбардың шынымен өмір сүргеніне сенімді болса, басқалары бұған күмәнданады. Енді біреулері мұны білу мүмкін емес дейді. Ал сіздің ойыңыз қандай?
Әдебиет: Мына “Ояныңдар!” журналында оның тарихта болғанын көрсететін дәлелдер қарастырылады.
ШЫНДЫҚТЫ ҮЙРЕТЕЙІК
Сұрақ: Өлгеннен кейін өмір бар ма?
Тармақ: Жх 11:11—14
Шындық: Адам өлгенде, өмір сүруін тоқтатады. Өлгеннен кейінгі өмірден қорқудың қажеті жоқ. Иса пайғамбар өлімді ұйқымен салыстырған. Ол Елазар есімді замандасын ұйқыдан оятып алғандай қайта тірілткен. Дәл сол сияқты, ол біздің көз жұмған жақындарымызды да қайта тірілтеді. Сонда олар қайтадан жер бетінде бақытты өмір сүретін болады (Әп 14:14).
ҚАУЫМ КЕЗДЕСУІНЕ ШАҚЫРУ (inv)
Әдебиет: Сізді Киелі жазбаларға негізделген баяндама тыңдауға шақырайын деп едім. Бұл осы маңдағы біздің ғибадат орнымызда айтылады. (Шақыру қағазындағы қауым кездесуінің уақыты мен мекенжайын көрсетіп, баяндаманың тақырыбына назар аударыңыз.)
Сұрақ: Біздің ғибадат орнымызда болғансыз ба? (Реті келсе, “Патшалық сарайында не үшін жиналамыз?” бейнеролигін көрсетіңіз.)
МЕНІҢ ҰСЫНЫСЫМ:
Алдыңғы ұсыныс үлгілеріне қарап өз ұсынысыңызды құрастырыңыз.