Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Сүйіспеншілік — шынайы мәсіхшілерді айрықшалайтын белгі. Өзімшіл және ашушаң болмайық

Сүйіспеншілік — шынайы мәсіхшілерді айрықшалайтын белгі. Өзімшіл және ашушаң болмайық

БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Иса шәкірттері сүйіспеншіліктерімен айрықшаланатынын айтты (Жх 13:34, 35). Біз Мәсіхтікіндей сүйіспеншілік таныту үшін, өзгелердің қамын ойлауымыз және ашуға бой алдырмауымыз керек (Қ1х 13:5).

БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Әлдекім сөзімен не ісімен көңіліңізге тисе, бір сәтке тоқтап, бұған не себеп болғаны жайлы ойланыңыз, әрі жауап қайтармай тұрып, мұның салдары қандай болатынын ойлаңыз (Н.с 19:11)

  • Бәріміз де пенде болғандықтан, кейде ойланбай сөйлейтінімізді не артынан өкінетін іс жасап қоятынымызды ұмытпаңыз

  • Келіспеушілікті тезірек шешуге тырысыңыз

“ӨЗАРА СҮЙІСПЕНШІЛІК ТАНЫТАЙЫҚ” АТТЫ БЕЙНЕРОЛИКТІҢ “ӨЗІМШІЛ ЖӘНЕ АШУШАҢ БОЛМАЙЫҚ” ДЕГЕН БӨЛІГІН ҚАРАҢЫЗ. СОСЫН КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Томның айтқандарын Ларри қалай қабылдады?

  • Томға ашуға бой алдырмауға не көмектесті?

  • Томның жұмсақтықпен жауап қайырғанының нәтижесі қандай болды?

Біреудің сөзі не ісі қитығымызға тигенде, ұстамдылық танытқанымыздың қауымға қандай пайдасы бар?