Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Сүйіспеншілік — шынайы мәсіхшілерді айрықшалайтын белгі. Шындыққа қуанайық

Сүйіспеншілік — шынайы мәсіхшілерді айрықшалайтын белгі. Шындыққа қуанайық

БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Исаға еліктеп, біз Құдайдың ниетіне қатысты шындық туралы куәлік етуіміз керек (Жх 18:37). Бұдан бөлек, өтірік пен әділетсіздік белең алған әлемде өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, біз шындыққа қуануымыз керек, шындықты айтуымыз керек және шынайы нәрселер туралы ойлануымыз керек (Қ1х 13:6; Фп 4:8).

БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Ешқашан өсек-аяң тыңдамаңыз және оны таратпаңыз (Сл1х 4:11)

  • Біреудің бақытсыздығына қуанбаңыз

  • Жағымды, жігерлендіретін нәрселерге қуана біліңіз

“ӨЗАРА СҮЙІСПЕНШІЛІК ТАНЫТАЙЫҚ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІҢ “ӘДІЛЕТСІЗДІККЕ ЕМЕС, ШЫНДЫҚҚА ҚУАНАЙЫҚ” ДЕГЕН БӨЛІГІН ҚАРАП, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Дебби қалайша “әділетсіздікке қуанды”?

  • Эллис қалай әңгімені жақсы жаққа бұрды?

  • Қандай жағымды тақырыптар жайлы әңгімелесуге болады?

Әділетсіздікке емес, шындыққа қуаныңыз