Ехобаның жанды баурайтын қасиеттері
Мұса Ехобаның қасиеттерін жақсы түсінгендіктен, исраилдіктерге шыдаммен қараған. Солай біз де Құдайдың қасиеттеріне терең үңіліп, ұғынатын болсақ, бауырластарымызға мейіріммен қараймыз.
-
“Мейірімді де жанашыр”. Балаларын қамқорлайтын ата-анадай, Ехоба өз қызметшілерін аялап, қамын жейді.
-
“Ашулануға асықпайды”. Ехоба өзінің қызметшілеріне шыдамдылық танытады, яғни олардың қателіктеріне төзіп, түзелулеріне уақыт береді.
-
“Айнымас сүйіспеншілігі мол”. Ехоба халқына айнымас сүйіспеншілік танытатындықтан, олармен қарым-қатынасы мәңгіге ұласады.
ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “Қалай Ехобаға ұқсап мейірімділік пен жанашырлық танытсам болады?”