МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Құдай Патшалығын жариялауға арналған қарашадағы арнайы науқан
Иса “Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды” жариялаған (Лқ 4:43). Ол адамдарға осы Патшалық туралы дұға етуді де үйреткен (Мт 6:9, 10). Қараша айында біз Құдай Патшалығы жайлы айтуға ерекше күш саламыз (Мт 24:14). Бұл науқанға барынша атсалысу үшін уақытыңызды жоспарлаңыз. Осы айда қосалқы ізашар болғысы келетіндер 30 не 50 сағат нормасын таңдай алады.
Құдай Патшалығы туралы айтылған жазба орнын аумағыңыздағы мейлінше көп адамға оқып беруге тырысыңыз. Тармақты таңдағанда, адамның қандай дінді ұстанатынын ескеріңіз. Алғаш сөйлескенде, әлдекім қызығушылық білдірсе, 2020 жылғы көпшілікке арналған “Күзет мұнарасының” №2 санын көрсетіңіз. Оның қызығушылығы суып қалмас үшін тез арада қайта барып, “Тәлім беру құралдарының” ішіндегі бір басылымның көмегімен зерттеу сабағын бастап көріңіз. Құдай Патшалығы оған қарсы шыққан барша үкіметті күл-талқан ететін уақыт өте жақын (Дн 2:44; Қ1х 15:24, 25). Ендеше, осы ерекше мүмкіндікті толық пайдаланып, Ехоба мен оның Патшалығына адал екенімізді паш еткейміз!