МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ехобамен қарым-қатынасыңызды бағалаңыз
Ехоба куәгерлері ерекше мәртебеге ие. Құдайға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өткен мәсіхші болғандықтан, біз Әлемнің Әміршісі Ехобамен жеке әрі өте жақын қарым-қатынас дамытуды доғармаймыз. Ол бізді Ұлы арқылы өзіне жақындатып тартты (Жх 6:44). Дұғаларымызды әрдайым тыңдайды (Зб 34:15).
Құдаймен құнды достығымызды қорғау үшін не істесек болады? Мұның бір жолы — исраилдіктердің жасаған күнәсін қайталамау. Олар Ехобамен келісім жасасқан соң көп ұзамай алтын бұзау жасап алып, пұтқа табынушылыққа бас ұрып кетті (М2ж 32:7, 8; Қ1х 10:7, 11, 14). Біз былай деп ойланып көрсек болады: “Жамандыққа еліккенде, қалай әрекет етемін? Істерімнен Ехобамен қарым-қатынасымды қымбат тұтатыным көріне ме?” Көктегі Әкемізге деген орасан зор сүйіспеншілігіміз оған жеккөрінішті нәрселерден аулақ болуға көмектеседі (Зб 97:10).
“ЕХОБАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫҢЫЗДЫ ҚЫЗҒЫШТАЙ ҚОРҒАҢЫЗ (ҚЛ 3:5)” БЕЙНЕРОЛИГІН КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Ашкөздік деген не?
-
Неге ашкөздік пен пұтқа табынушылықтан сақтануымыз керек?
-
Неке адалдығын бұзу мен пұтқа табынушылықтың қандай ұқсастығы бар?
-
Неге әсіресе жауапты бауырластар өмірлік серіктерінің қажеттіліктерін ойлауға тиіс?