Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Сүйіспеншіліктеріңіз үшін Ехобаға алғыс білдіреміз

Сүйіспеншіліктеріңіз үшін Ехобаға алғыс білдіреміз

Салоникадағы қауым өз қиыншылықтарына қарамастан, бір сенімдегі бауырластарына сүйіспеншілік танытқан (Сл2х 1:3, 4). Бүгінде де Ехобаның халқы дүниежүзіндегі бауырластарына тура сондай сүйіспеншілік танытады. Біздің jw.org сайтымыздағы “Садақаларыңыз қайда жұмсалады?” деген мақалалар топтамасынан садақаларыңыз қиын шақта бауырластарға қалай көмек болып жатқанын біле аласыздар. Сіздерді сүйіспеншіліктеріңіз бен жомарттықтарыңыз үшін шын жүректен мақтаймыз.

СЕНДЕР ҮШІН ҚҰДАЙҒА ҮНЕМІ АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

• Біздің садақаларымыз қандай істерге жұмсалады?

• Мұқтаждық көріп жүрген бауырластарға қаржылай көмектесудің ең жақсы жолы қандай? (jw.org сайтынан “Молшылық жоқшылықты жабады” деген мақаланы да қараңыз.)