МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Әйел бауырластар, Ехобаға әлі де көбірек бере аласыздар ма?
Әйел бауырластар Патшалық ісіне зор үлес қосып жүр! (Зб 68:11). Киелі кітапты зерттеу сабағының көбісін жүргізетін де, тұрақты ізашарлардың басым бөлігін құрайтын да — осы әйел бауырластар. Бетелдік, миссионер, аудармашы, құрылыс қызметшісі не еріктісі ретінде мыңдаған әйел бауырласымыз ауыр еңбек етіп жүр. Ал отбасылары мен қауымдарын нығайтып жүрген толысқан әйелдер қаншама! (Н.с 14:1). Әйел бауырластар ақсақал не қызмет көмекшісі болып қызмет ете алмаса да, олар қауымда көптеген мақсаттарға қол жеткізе алады. Егер сіз әйел не қыз бауырлас болсаңыз, өзіңізге қандай мақсаттар қойсаңыз болады?
-
Құдайға ұнамды қасиеттер дамыту (Т1х 3:11; Пт1х 3:3—6)
-
Қауымда тәжірибесі аз қыз не әйел бауырластарға көмектесу (Тт 2:3—5)
-
Қызметке көбірек уақыт арнау және сапасын жақсарту
-
Жаңа тіл үйрену
-
Қажеттілік бар жерге көшіп бару
-
Бетелде қызмет ету үшін не құрылыс жобаларына көмектесу үшін өтініш толтыру
-
Патшалықты жариялаушыларға арналған мектепте оқуға өтініш толтыру
“ИЕМІЗ ҮШІН АЯНБАЙ ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН ӘЙЕЛДЕР” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Үш әйел бауырластың сөздері сізді қалай жігерлендірді?