ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ | ҚЫЗМЕТТЕГІ ҚУАНЫШЫҢЫЗ АРТСЫН
Киелі кітапты зерттеушілерге көмектесіңіз: Рухани тамақтануға
Зерттеуші біз беретін тәліммен шектелмей, әлде де көбірек білім ала беру керек. Сонда ғана ол өзінің рухани мұқтаждығын қанағаттандырады және толысқан мәсіхші болады (Мт 5:3; Ев 5:12—6:2). Сондықтан біз зерттеушінің өзіне рухани тамақтануды үйретуіміз керек.
Зерттеушіге о бастан зерттеу сабағына қалай дайындалу керектігін көрсетіп, оны сабаққа дайындалып жүруге талпындырыңыз (mwb18.03 6-б.). Өз бетінше зерттейтін кезде зерттеудің алдында дұға етіп алудың маңыздылығын айтыңыз. Электронды ізденіс құралдарын қолдануды үйретіңіз. Сондай-ақ jw.org пен JW Broadcasting®-те жаңадан шыққан мәліметтерден қалай хабардар болып отыруға болатынын көрсетіңіз. Зерттеушіге Киелі кітапты күнде оқуды, қауым кездесулеріне дайындалуды, мазалаған сұрақтарына қатысты ізденіс жүргізуді жайлап-жайлап үйрете беріңіз. Оған білгендері жайлы ой жүгіртуге көмектесіңіз.
“КИЕЛІ КІТАПТЫ ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ: РУХАНИ ТАМАҚТАНУҒА” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Зерттеуге тек жауаптарды табу ғана кірмейтінін Нита Лараға қалай түсіндірді?
-
Ехобаның жыныстық азғындыққа тыйым салғаны дұрыс екенін Лара қалай түсінді?
-
Лара терең ойлануға қатысты нені түсінді?