Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Құтқарылатынымызға сенімді болайық

Құтқарылатынымызға сенімді болайық

Өте жақын арада Ехобаның шыдамдылығы шегіне жетеді. Сол кезде зор алапат басталып, жалған діндер жойылады, одақтасқан халықтар Құдай халқына шабуыл жасайды және Ехоба Армагеддонда зұлымдарды жояды. Осы бір елеулі оқиғаларды мәсіхшілер тағатсыздана күтіп жүр.

Әрине, зор алапат жайлы бізге көп нәрсе мәлім емес. Мысалы, біз зор алапат нақты қашан басталатынын білмейміз. Саяси күштер діндерге шабуылдау үшін қандай себептер келтіретіні, Құдай халқына қанша уақыт және қалай шабуыл жасалатыны да белгісіз. Ехоба Армагеддонда зұлымдарды нақты қалай жоятыны да бізге беймәлім.

Бірақ болашақтағы жайттарды сеніммен әрі батыл қарсы алу үшін, бізде қажетті мәліметтің бәрі бар. Мысалы, біз Киелі кітаптан мына жайттарды білеміз: Біз “соңғы күндердің” аяғында өмір сүріп жатырмыз (Т2х 3:1); шынайы дін жойылып кетпес үшін, жалған діндерге шабуыл жасалатын уақыт “қысқартылады” (Мт 24:22); Ехоба өз халқын міндетті түрде құтқарады (Пт2х 2:9); Ехоба зұлымдарды жоюды және ұлы жамағатты құтқаруды әділ әрі құдіретті тұлғаға тапсырған (Аян 19:11, 15, 16).

Болашақтағы оқиғалардан адамдардың “бойын үрей билеп, есеңгіреп қалары” сөзсіз. Ал біз сол кезде құтқарылуымыз жақын екеніне сенімді болып, “еңсемізді түзеп, басымызды көтеріп” тұра аламыз (Лқ 21:26, 28). Бірақ ол үшін Ехоба өз халқын ежелде қалай құтқарғаны жайлы және болашаққа қатысты ашқан шындықтары жайлы оқып, ой жүгіртуіміз қажет.