МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Кейінге қалдыру әдетінен арылайық
Прокрастинатор, яғни істерін кейінге ысыра беретін адам дәл қазір істей алатын әрі істеу керек нәрсені істемейді. Бірақ Иқу ондай адам болмаған. Ехоба Ахабтың үй үшін жоюды тапсырғанда, Иқу бірден іске кірісті (П2ж 9:6, 7, 16). Кейбіреулер былай деп жатады: “Мен шомылдыру рәсімінен бірнеше жылдан кейін өте жатармын”. “Жақын арада Киелі кітапты күнде оқи бастаймын”. “Жақсырақ жұмыс тауып жатсам, ізашар боламын”. Ғибадатпен байланысты істерді осылай кейінге қалдырмау үшін, Киелі кітаптың көмегіне жүгінгеніміз дұрыс.
Кейінге қалдыру әдетінен арылуға келесі тармақтар қалай көмектеседі?