МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Дұғаларымыз Ехоба үшін құнды
Дұғаларымыз ғибадатханада Ехобаның алдында үнемі өртеліп тұратын хош иісті тарту іспетті (Зб 141:2). Көктегі Әкемізге сүйіспеншілігіміз бен ризашылығымызды білдіргенде, уайымымыз бен қалауымызды айтқанда, бағыт-бағдар сұрағанда, онымен достығымызды бағалайтынымызды көрсетеміз. Әрине, қауым кездесулерінде біз көпшіліктің алдында қысқаша дұға айтамыз, оны Ехоба ғибадатымыздың маңызды бір бөлігі деп қарастырады. Алайда ұзағырақ уақыт арнап, жүрегімізді ақтарып айтқан жеке дұғаларымыз Ехоба үшін өте ұнамды! (Н.с 15:8).
“МЕН ДҰҒАНЫҢ АДАМЫМЫН” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРГЕН СОҢ, СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Джонсон бауырлас қандай қызмет түрлеріне атсалысқан?
Джонсон бауырлас қалай Ехобаға дұға етіп, оған арқа сүйеді?
Джонсон бауырластың оқиғасынан не түйдіңіз?