ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА
“Ахабтың үйі түптамырымен құрып кетеді” (П2ж 9:8)
ЯҺУДА ПАТШАЛЫҒЫ
Жосафат билік етіп жатты
ш. 911 ж. Жорам (Жосафаттың ұлы әрі Ахаб пен Езабелдің қызы Аталияның күйеуі) жалғыз билеуші болды
ш. 906 ж. Ахазия (Ахаб пен Езабелдің немересі) патша болды
ш. 905 ж. Аталия патша тұқымын түгел қырып, тақты тартып алды. Тек немересі Жоғас аман қалып, бас діни қызметкер Еходай оны жасырып ұстады (П2ж 11:1—3)
898 ж. Жоғас патша болды. Бас діни қызметкер Еходай Аталия патшайымды өлтіртті (П2ж 11:4—16)
ИСРАИЛ ПАТШАЛЫҒЫ
ш. 920 ж. Ахазия (Ахаб пен Езабелдің ұлы) патша болды
ш. 917 ж. Жорам (Ахаб пен Езабелдің ұлы) патша болды
ш. 905 ж. Иқу Исраил патшасы Жорамды және оның бауырларын, Жорамның анасы Езабелді, сондай-ақ Яһуда патшасы Ахазия мен оның бауырларын өлтірді (П2ж 9:14—10:17)
ш. 904 ж. Иқу патша ретінде билік ете бастады