МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ехоба ерен еңбегімізді ұмытпайды
Кейде басқалар біздің жасаған жақсылығымызды бағаламай, ұмытып кетіп жатқандай көрінуі мүмкін. Ал Ехоба ше? Ризашыл Құдайымыз біздің жан-тәнімізбен атқарған қызметімізді ешқашан ұмытпайды. Нашар денсаулықтың салдарынан көп нәрсе істей алмай жатсақ та, ол бізді тастамайды (Ев 6:10).
“ЕХОБА ҰМЫТПАЙДЫ” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРГЕН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Хибшман бауырлас әртүрлі қызметте Ехоба үшін қалай ерен еңбек етті?
Әйелі қайтыс болғанда және қарттықтың салдарынан көп нәрсе істей алмаған кезде, Ехоба Хибшман бауырласты ұмытпағанын қалай көрсетті?
Толық уақытты қызмет Хибшман бауырластың өмірін қалай байытты? (Н.с 10:22).