МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
“Беріңдер”
Иса жомарттықтың жұқпалы қасиет екеніне меңзеген (Лқ 6:38). Сіздің береген болғаныңыз басқа бауырластарды да мейірімді әрі жомарт болуға талпындырады.
Қуанышпен беру — ғибадатымыздың бір бөлігі. Мұқтаждық көріп жүрген бауырластарына жомарттықпен қол ұшын беретіндерді Ехоба назарынан тыс қалдырмайды және оларға батасын беретінін уәде етеді (Н.с 19:17).
“БЕРЕГЕНДІКТЕРІҢІЗ ҮШІН КӨП РАҚМЕТ!” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Садақаларыңыз бауырластардың игілігі үшін қалай жұмсалып жатыр?
Неліктен аз берсек те, көп берсек те, береген бола бергеніміз дұрыс? (jw.org сайтындағы “Молшылық жоқшылықты жабады” деген мақаланы да қараңыз.)