Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

16—22 желтоқсан

ЗӘБҮР 119:57—120

16—22 желтоқсан

129-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. Қиындықтарға қалай төзуге болады?

(10 мин.)

Құдай Сөзін оқып, зерттеуді доғармаңыз (Зб 119:61; w06 1.7. 12-б., 2-абз.; w01 1.3. 24-б., 3-абз.)

Қиындықтар сізді шыңдасын (Зб 119:71; w06 1.9. 14-б., 4-абз.)

Ехобадан жұбаныш іздеңіз (Зб 119:76; w17.07 10-б., 3, 5-абз.)

ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “Қиындықтарға кезіккенде Ехобаның қандай көмегін көрдім?”

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Зб 119:96. Осы тармақтың мағынасы қандай болса керек? (w06 1.9. 14-б., 5-абз.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(3 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Үй иесіне веб-сайтымызды көрсетіп, jw.org байланыс картасын беріңіз. (lmd 2-сабақ, 5-тақырыпша)

5. Қызығушылықты арттыру

(4 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Адамды осы аптада болатын көпшілікке арналған баяндамаға шақырыңыз. “Патшалық сарайында не үшін жиналамыз?” деген видеомен таныстырыңыз. (lmd 8-сабақ, 3-тақырыпша)

6. Нанымдарымызды түсіндіру

(5 мин.) Көрініс. ijwbq 157-мақала. Тақырыбы: “Киелі кітапта табиғи апаттар жайында не делінген?” (lmd 3-сабақ, 3-тақырыпша)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

128-ән

7. Ехоба төзуге көмектеседі

(15 мин.) Талқылау.

Мәсіхшілерге тән төзімділік — қиындықтар мен қарсылықтарға кезіккенде, сынбай, берік тұруға көмектесетін қасиет. Төзімді адам аяғында нық тұрады, оң көзқарас сақтайды және сынақ кезінде үмітін еш үзбейді. Бізде осы қасиет болса, қиындықтар туғанда “кері шегінбейміз” немесе мәсіхшілік жолымызда қарқынымызды азайтпаймыз (Ев 10:36—39). Қиын шақта Ехоба бізге көмек қолын созуға асық (Ев 13:6).

Әр тармақтың қасына Ехоба қиындыққа төзуге қалай көмектесетінін жазып қойыңыз.

“Қиындықпен күресіп жүргендер үшін дұға етіңіз” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:

  • Бауырластарымыз қандай қиындық көріп жүргені жайлы хабардар болып жүру үшін jw.org сайтының көмегі қандай?

  • Ата-аналар балаларын өзгелер үшін дұға етуге қалай үйрете алады және бұның пайдасы қандай?

  • Ехобадан “бауырластарға қиындықтарға төзуге көмектесші” деп сұрау неге маңызды?

  • Өзгелер үшін дұға ету қалай өз қиындықтарымызға төзуге көмектеседі?

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 32-ән және дұға