Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

18—24 қараша

ЗӘБҮР 107, 108

18—24 қараша

7-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. “Ехобаға алғыс айтыңдар, өйткені ол ізгі”

(10 мин.)

Ехоба исраилдіктерді Бабыл тұтқындығынан азат еткеніндей, бізді де Шайтанның дүниесінен азат етті (Зб 107:1, 2; Қл 1:13, 14)

Ехобаға деген ризашылық бізді оны қауымда мадақтауға талпындырады (Зб 107:31, 32; w07 1.5. 8-б., 2-абз.)

Ехобаның айнымас сүйіспеншілікпен жасаған істері туралы ойлансақ, жүрегіміз ризашылыққа толады (Зб 107:43; w15 15.1. 9-б., 4-абз.)

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Зб 108:9. Неге Моаб “шылапшынға” теңелген? (it-2 420-б., 4-абз.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(3 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. (lmd 1-сабақ, 4-тақырыпша)

5. Қызығушылықты арттыру

(4 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Адамға Киелі кітап зерттеу бағдарламасы жайлы айтып, Киелі кітап курсының байланыс картасын беріңіз. (lmd 9-сабақ, 3-тақырыпша)

6. Баяндама

(5 мин.) ijwyp 90-мақала. Тақырыбы: “Теріс ойларды қалай тежеуге болады?” (th 14-сабақ)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

46-ән

7. Ехобаға алғыс айтып ән шырқаймыз

(15 мин.) Талқылау.

Ехоба Қызыл теңізде үрейленген исраилдіктерді Мысырдың мықты әскерінен құтқарып алғаннан кейін, олар Ехобаның істеген істерін айтып, оны мадақтап ән шырқады (М2ж 15:1—19). Бұл жаңа әнді ер кісілер айтып бастады (М2ж 15:21). Иса мен ертедегі мәсіхшілер де Құдайды мадақтап ән айтты (Мт 26:30; Қл 3:16). Ехобаға деген ризашылығымызды көрсету үшін біз әлі де қауым кездесулері мен конгрестерде ән саламыз. Мысалы, біз жаңа айтқан “Ехоба, рақмет!” әні 1966 жылдан бері қауым кездесулерімізде шырқалып келеді.

Кейбір мәдениеттерде ер адамдар көпшілік алдында ән айтудан ұялуы мүмкін. Басқалары болса, “менің ән айтуға даусым жоқ” деп ойлайды. Бірақ есте ұстар жайт: кездесулерімізде ән айту — ғибадатымыздың бір бөлігі. Ехобаның ұйымы ән шығару үшін көп күш жұмсайды және қауым кездесуінде айтылатын әр әнді мұқият таңдайды. Ал біз болсақ, көктегі Әкеміз Ехобаға деген сүйіспеншілігіміз бен ризашылығымызды көрсету үшін сол әндерді бірауыздан шырқауымыз қажет.

“Біздің тарихымыздың дөңгелегі: Ғибадатымыздағы әндер (2-бөлім)” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:

  • 1944 жылы қандай елеулі оқиға болды?

  • Сібірдегі бауырластарымыз Патшалық әндерін шырқауға деген ыстық ықыластарын қалай көрсетті?

  • Ехоба куәгерлері үшін ән айту неге соншалықты маңызды?

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 73-ән және дұға