Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

23—29 желтоқсан

ЗӘБҮР 119:121—176

23—29 желтоқсан

31-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. Қажетсіз уайымнан аулақ болыңыз

(10 мин.)

Құдайдың өсиеттерін сүйіңіз (Зб 119:127; w18.06 16-б., 5, 6-абз.)

Күнәні жек көріңіз (Зб 119:128; w93 15.4. 17-б., 12-абз.)

Ехобаны тыңдап, “тәжірибесіздердің” қателігін жасамаңыз (Зб 119:130, 133; Н.с 22:3)

ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “Құдайдың өсиеттерін одан сайын жақсы көру үшін немесе күнәні жек көру үшін не істесем болады?”

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Зб 119:160. Осы жазба орнына сай біз не нәрсеге сенімдіміз? (w23.01 2-б., 2-абз.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(3 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. (lmd 1-сабақ, 5-тақырыпша)

5. Қызығушылықты арттыру

(4 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Адамға jw.org сайтынан өзіне қызықты мәліметті қалай таба алатынын көрсетіңіз. (lmd 8-сабақ, 3-тақырыпша)

6. Шәкірт дайындау

(5 мин.) Қауым кездесулеріне жүйелі түрде бармайтын зерттеушімен сөйлесіңіз. (lmd 12-сабақ, 4-тақырыпша)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

121-ән

7. Ақша өміріңізге қажетсіз қайғы-қасірет алып келмесін

(15 мин.) Талқылау.

Ақшаны жақсы көретіндер “көптеген қайғы-қасіретке ұшырайды” (Т1х 6:9, 10). Егер ақшаны жақсы көретін болсақ және ол біз үшін ең маңызды нәрсе болса, онда төменде келтірілген қайғы-қасіретке ұшыраймыз.

  • Ехобамен жақын қарым-қатынаста болмаймыз (Мт 6:24).

  • Ешқашан қанағат сезінбейміз (Уғ 5:10).

  • Жаман нәрсе істеуге бейім келеміз. Мысалы, өтірік айтуға, ұрлауға және біреуді сатып кетуге (Н.с 28:20). Нәтижесінде өзімізді кінәлі сезінетін боламыз, абыройымызға дақ түседі және Құдайдың ықыласынан айырыламыз.

Еврейлерге 13:5 оқыңыз. Сосын мына сұрақты қойыңыз:

  • Ақшаға деген қандай көзқарас қайғы-қасірет алып келмейді?

Тіпті ақшаны жақсы көрмесек те, бірақ оны дұрыс жұмсауды білмесек, бұл да қайғы-қасірет алып келеді.

“Ақша ұстай білесің бе?” деген ФЛОМАСТЕРЛІК АНИМАЦИЯНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:

  • Неге біз бюджет құруымыз керек және оны қалай істесек болады?

  • Ақша жинау неге маңызды?

  • Қажетсіз қарыздан неге аулақ болу керек?

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 101-ән және дұға