Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

30 желтоқсан, 2024 — 5 қаңтар, 2025

Зәбүр 120—126

30 желтоқсан, 2024 — 5 қаңтар, 2025

144-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

Ехоба ауыр еңбегіне батасын бергендіктен құлдықтан қайта оралған исраилдіктер қуанышпен егіндерін орып жатыр

1. Олар көз жасын төге жүріп ексе де, өнімін қуана жинады

(10 мин.)

Исраилдіктер таза ғибадатты қалпына келтіру үшін Бабылдың тұтқынынан босағандарына қуанды (Зб 126:1—3)

Яһудеяға келгендер ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болғандықтан, көз жастарын төккенге ұқсайды (Зб 126:5; w04 1.6. 25-б., 10-абз.)

Халық қолдарына тыным бермей еңбек етіп, батаға кенелді (Зб 126:6; w21.11 24-б., 17-абз.; w01 1.10. 15-б., 13, 14-абз.; суретті қараңыз)

ОЙТАМЫЗЫҚ: Армагеддонда осы дүние жойылып, одан аман өткен соң, бізге бүкіл жерді қалпына келтіру керек болады. Сол кезде қандай қиындықтар болуы мүмкін? Ал кенелетін баталарымыз қандай болмақ?

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Зб 124:2—5. Ехоба кезінде Исраил халқын қорғағанындай, бізді де тәндік жағынан қорғайтынына сенімді бола аламыз ба? (cl 73-б., 15-абз.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(3 мин.) КӨПШІЛІК ОРЫНДАРДА УАҒЫЗДАУ. (lmd 3-сабақ, 5-тақырыпша)

5. Қызығушылықты арттыру

(4 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Алдыңғы жолы барғанда адам Киелі кітапқа күмән келтірді. (lmd 9-сабақ, 5-тақырыпша)

6. Шәкірт дайындау

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

155-ән

7. Құдайдың уәделері көңілді қош етеді

(15 мин.) Талқылау.

Ехоба Бабылда тұтқында жүрген халқына берген уәдесін орындады. Ол халқын тұтқыннан босатып, оларды рухани сауықтырды (Иш 33:24). Елдері қаңырап бос жатқан уақытта сол жерді арыстан сияқты жыртқыш аңдар мекендей бастағандықтан, Ехоба исраилдіктерді және олардың малдарын қорғап отырды (Иш 65:25). Оған қоса, олар салған үйлерінде өздері тұрып, жүзімдіктерінің жемісін өздері рақаттанып жей алды (Иш 65:21). Ехоба еңбектеріне батасын төгіп, олар ұзақ ғұмыр кешті (Иш 65:22, 23).

Waterfall: Maridav/stock.adobe.com; mountains: AndreyArmyagov/stock.adobe.com

“Құдайдың тыныштық жайлы уәделері көңілді қош етеді (үзінді)” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:

  • Осы пайғамбарлықтардың рухани мағынада орындалып жатқанын қалай көріп жүрміз?

  • Жаңа дүниеде олар толыққанды түрде қалай орындалады?

  • Әсіресе қай баталардың орындалғанын тағатсыздана күтіп жүрсіз?

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 58-ән және дұға