МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
“Киелі жазбалардан не білеміз?” басылымын қолдану
“Киелі кітап үйретеді” басылымы мен қазақ тілінде әлі жарық көрмеген “Киелі жазбалардан не білеміз?” басылымындағы ілімдер мазмұндас келеді әрі бірдей ретпен жазылған. Дегенмен “Киелі жазбалардан не білеміз?” кітабының ой түзу жолы мен сөз саптауы анағұрлым жеңіл. Ол “Киелі кітап үйретеді” кітабын түсіну қиынға соққан адамдарға арналады. Кітаптың соңында қосымшаның орнына кейбір сөздер мен ұғымдардың түсіндірмесі келтіріледі. Сондай-ақ тарауда кіріспе сұрақтар мен қайталауға арналған қоршау болмайды. Бірақ әр тараудың соңында сонда қарастырылған Киелі кітап шындықтарына шолу жасалады. Ағымдағы әдебиеттердің қатарында болмаса да, “Киелі кітап үйретеді” басылымы сияқты, “Киелі жазбалардан не білеміз?” басылымын да кез келген уақытта қолдана аламыз. Осы кітапты зерттеу сабағын өткізгенде қалай қолдануға болады? Қазір оның ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.
КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ ШЫНДЫҚТАР. “Киелі кітап үйретеді” басылымын абзацтарды оқып, сұрақтарға жауап беру арқылы зерттеу көп адамға ыңғайлы. Бірақ кейбір зерттеушілер тілді жақсы түсінбеуі не жақсы оқи алмауы мүмкін. Мұндайда “Киелі жазбалардан не білеміз?” басылымын қолдануды жөн көрерсіз. Тарауды шолуға арналған “Киелі кітаптағы шындықтар” деген қоршауды бірге зерттесе болады. Ал негізгі мәтінді зерттеуші жеке оқыса болады. Қоршаудағы Киелі кітаптың бір шындығын қарастыруға 15 минуттай уақыт арнауға болады. Қоршауда негізгі мәтіндегі кейбір ойлар келтірілмейтіндіктен, жариялаушы зерттеушінің қажеттіліктерін ескере отырып, сабаққа жақсылап дайындалғаны маңызды. Егер зерттеу сабағы негізгі мәтін бойынша өтсе, онда қоршаудағы ойларды мәліметті қайталау үшін қолдануға болады.
ТҮСІНДІРМЕ. Түсіндірмедегі сөздер мен ұғымдар тараудағы реті бойынша жазылған. Жариялаушы түсіндірмедегі сөздерді зерттеу сабағы кезінде қарастыру-қарастырмауды өзі шеше алады.