Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Жастар, “үлкен есіктен” кіруді кешеуілдетпеңдер

Жастар, “үлкен есіктен” кіруді кешеуілдетпеңдер

Жігері тасыған жастардың бірі болсаң, жастық күндерің ешқашан таусылмайтындай көрінетін шығар. Бұл шақта қарттықпен байланысты “азапты күндер” ешқашан келмейтіндей болады (Уғ 12:1). Өзіңде бар көп уақытты рухани істерге, мысалы толық уақытты қызметке, арнау жайлы ойланғансың ба?

Бәріміз “кездейсоқ жағдайларға” тап болуымыз мүмкін (Уғ 9:11). Ешкім “ертең өмірінде не болатынын білмейді” (Жқ 4:14). Сол үшін рухани мақсаттарды себепсіз ысыра бермей, сен үшін әлі де айқара ашық тұрған “үлкен есіктен” кір (Қ1х 16:9 сілт.). Осылай етсең, еш өкінбейсің.

Кейбір мақсаттар:

  • Шет тілде уағыздау

  • Ізашарлық қызмет

  • Теократиялық мектептерге қатысу

  • Құрылыс ісі

  • Бетелдік қызмет

  • Аудандық қызмет

Мақсаттарыңды тізіп жаз.