Киелі кітаптағы жақсы әйелдің бейнесі
Нақыл сөздердің 31-тарауында Лемуел патшаға анасының айтқан өсиеті жазылған. Ол ұлына әйел таңдағанда қандай қасиеттеріне назар аудару керектігін айтқан.
Жақсы әйел сенім артуға тұрады
-
Отбасында шешім қабылдау керек болғанда, ол құнды ұсыныстар айтады, сөйте тұра отағасына мойынсұнады
-
Күйеуі оның дұрыс шешім қабылдайтынына сенеді әрі әрбір мәселеде өзінен рұқсат сұрайды деп күтпейді
Жақсы әйел еңбекқор
-
Ол ақшаны үнемдеп жұмсауды әрі қарапайым өмір кешуді үйренген; оның үй ішіндегілері ұқыпты да таза киініп жүреді және үйде әрдайым қажетті ас-ауқат болады
-
Үй ішіне күні-түні қарайлап, көп еңбектенеді