Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

“Күйеуі оның танымал қала қақпасында”

“Күйеуі оның танымал қала қақпасында”

Жақсы әйел күйеуін өрге сүйрейді. Лемуел патшаның кезінде жақсы әйелдің күйеуі қала қақпасында жұртшылыққа танымал болған (Н.с 31:23). Бүгінде құрметке бөленген ер кісілер қызмет көмекшісі не ақсақал болып қызмет етеді. Үйленген болса, олардың осы міндеттерін жақсы атқаруы көбінесе жарларының игі жүріс-тұрысы мен көрсеткен қолдауына байланысты болады (Т1х 3:4, 11). Мұндай әйелдер күйеулері үшін ғана емес, бүкіл қауым үшін де аса бағалы.

Жақсы әйел күйеуіне былай қолдау көрсетеді:

  • жылы сөздерімен демейді (Н.с 31:26).

  • күйеуінің қауымға да қажет екенін түсінеді (Сл1х 2:7, 8).

  • қарапайым өмір сүреді (Т1х 6:8).

  • қауымның құпия істері жайында сұрастырмайды (Т1х 2:11, 12; Пт1х 4:15).