Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЖОХАННЫҢ 2-ХАТЫ 1—13; ЖОХАННЫҢ 3-ХАТЫ 1—14ЯһУДА 1—25

Шындықта қалу үшін күресуіміз керек

Шындықта қалу үшін күресуіміз керек

Яһ 3

Иса: “Тар есіктен кіруге барынша тырысыңдар”,— деп кеңес берген (Лқ 13:24). Исаның бұл сөздерінен Ехобаның мақұлдауына ие болу үшін көп күш салуымыз керектігін аңғаруға болады. Исаның бауыры Яһуда киелі рухтың жетелеуімен осыған ұқсас сөздер жазған. Ол: “Сенім үшін аянбай күресуіміз керек”,— деген. Мына жағдайларда көп күш салу әсіресе қажет:

  • Жыныстық азғындыққа қарсы тұру үшін (Яһ 6, 7)

  • Қауымда билік берілгендерді құрметтеу үшін (Яһ 8, 9)

  • “Ең қасиетті сенімімізге”, яғни мәсіхшілік ілімдерімізге деген сенімімізді нығайту үшін (Яһ 20, 21)