Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Ехоба қажетімізді біледі

Ехоба қажетімізді біледі

Ехоба адал да ақылды құлға бағыт-бағдар беріп, солар арқылы рухани ас-суды “уақтылы” беріп жатыр. Бұл — Ехоба рухани қажетімізді біледі деген сөз (Мт 24:45). Біздің аймақтық конгрестеріміз бен апта ішінде өтетін кездесулеріміз соның кейбір дәлелі ғана.

БІЛІМ БЕРУ КОМИТЕТІНІҢ 2017 ЖЫЛҒЫ ЕСЕБІ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Біз сүйсіне тыңдайтын дер кезіндегі конгрестер үшін марапат пен мадақ кімге тиесілі және неге?

  • Конгреске дайындық қанша уақыт бұрын басталады?

  • Конгрестің тақырыптары қалай таңдалады?

  • Конгрестермен байланысты қандай жұмыстар атқарылады?

  • Апта ішіндегі кездесуде зерттейтін мәліметтерді дайындағанда Ғалақат мектебіндегі зерттеу тәсілі қалай қолданылады?

  • Жұмыс дәптерін дайындау үшін түрлі бөлімдер қалай қызметтеседі?

Сіз Ехоба беріп жатқан рухани ас-суға ризасыз ба?