Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | АЯН 1—3

“Мен істеріңді білемін”

“Мен істеріңді білемін”

1:20; 2:1, 2

  • “Жеті жұлдыз” майланған ақсақалдарды, ал кең мағынада барлық ақсақалдарды білдіреді.

  • “[Исаның] оң қолында” дегені Иса жұлдыздарды толығымен қадағалайтынын, билік ететінін және бағыттайтынын білдіреді. Ақсақалдар кеңесіндегі біреуді түзету керек болса, Иса оның өз уақытында әрі дұрыс деп тапқан жолмен түзетілуін қамдайды.

  • “Жеті алтын шамдал” — мәсіхшілердің қауымы. Киелі шатырдағы шамдал жарық шашып тұрғаны сияқты, мәсіхшілердің қауымы да рухани жарық шашады (Мт 5:14). Исаның “шамдал арасында жүргені” барлық қауымдардың іс-шараларына бас-көз болатынын білдіреді.