Ехобаға ең жақсыңызды беріңіз
Ежелгі Исраилде ешкімге де кедейлігі Ехобамен татуласуға кедергі болмаған. Тіпті тақыр кедей исраилдіктердің өзі Ехобаға ұнамды құрбандық жасай алған. Ең бастысы, олар ең жақсысын беруі қажет еді. Олар ұн ұсынса болатын, бірақ Ехоба олардан қадірлі қонақтарға ұсынатын “жақсы” ұн береді деп күткен (М1ж 18:6). Қазір де жағдайымызға байланысты қанша бере алсақ та, Ехоба біздің ең жақсы “мадақтау құрбандығымызды” қабыл алады (Ев 13:15).
Бәлкім, денсаулығыңыз сыр беріп я бойыңыздан күш кете бастағандықтан бұрынғыдай көп істей алмасаңыз, осы ой сізге қалай жігер береді?