Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 3-ЖАЗБАСЫ 8, 9

Ехобаның жарылқауының айғағы

Ехобаның жарылқауының айғағы

8:6—9, 12; 9:1—5, 23, 24

Діни қызметке жаңадан тағайындалған Харон мен ұлдары алғашқы түгел өртелетін құрбандықты ұсынғанда, оны Ехоба жіберген от жалмап қойды. Бұл Ехобаның осы шараны қолдап, мақұлдайтынының белгісі болды. Осылай Ехоба сонда жиналып, қарап тұрған халықты діни қызметке толықтай қолдау көрсетуге талпындырды. Ал қазір Ехоба ұлылыққа бөленген Иса Мәсіхті әлдеқайда ұлы Бас діни қызметкер ретінде қолдануда (Ев 9:11, 12). 1919 жылы Иса майланған ер адамдардың шағын тобын “адал да ақылды құл” етіп тағайындады (Мт 24:45). Ехоба осы адал құлды жарылқап, қолдап, мақұлдап жатқанына қандай айғақтар бар?

  • Толассыз қуғын-сүргінге қарамастан, адал құл бізге рухани ас-суды үздіксіз беріп келеді.

  • Алдын ала айтылып кеткендей, ізгі хабар “бүкіл жер бетінде уағыздалуда” (Мт 24:14).

Адал да ақылды құлға қалай толықтай қолдау көрсетсек болады?