Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Телефонмен уағыздау

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Телефонмен уағыздау

БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Телефонмен уағыздау — “ізгі хабарды жариялау арқылы түбегейлі куәлік берудің” маңызды жолы (Е.і 20:24) *. Бұл бізге адамдармен жүздесуге мүмкіндігіміз болмаған жағдайда куәлік беруге көмектеседі.

БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Дайындалыңыз. Орынды болатын тақырып таңдаңыз. Содан кейін айтқыңыз келетін ойлардың жобасын жазып алыңыз. Сондай-ақ автожауап бергіш болған жағдайда үй иесіне не үшін хабарласқаныңызды түсіндіретін қысқа хабарлама дайындап қойыңыз. Үстел басына отырып, айтатын сөздеріңіздің жобасын, JW Library® қосымшасы не jw.org® сайты ашық тұрған электронды құрылғыңыз сияқты керек-жарақтарыңызды алып алыңыз.

  • Өзіңізді еркін ұстаңыз. Табиғи мәнерде сөйлеңіз. Адамның алдында тұрғандай жымиып, ым-ишарат жасаңыз. Қажетсіз кідіріс жасай бермеңіз. Басқа жариялаушылармен қызметтесіңіз. Егер үй иесі сұрақ қойса, оны дауыстап қайталаңыз, сонда серігіңіз жауабын табуға көмектесе алады.

  • Қайта баруға негіз қалаңыз. Егер адам қызығушылық танытса, келесі рет қоңырау шалғанда жауап беретін сұрақ қалдырыңыз. Сонымен қатар қандай да бір әдебиеттің, мақаланың я видеоның сілтемесін хабарлама арқылы не электронды поштасына жібере алатыныңызды айтыңыз. Орынды болса, адамға сайтымызда басқа да нәрселер бар екенін айтып өтіңіз.

^ 3-абзац Егер аумағыңызда телефон арқылы куәлік беруге рұқсат берілген болса, бұл жеке бас мәліметтеріне қатысты заңдарға сай болу керек.