Құрбандықтар мен тартулардың мақсаты
Мұса Заңы бойынша талап етілген құрбандықтар мен тартулар Ехобаға ұнамды болған. Олар Исаның төлем құрбандығын және соның әкелер игіліктерін бейнелеген (Ев 8:3—5; 9:9; 10:5—10).
-
Құрбандыққа ұсынылатын жануарлардың ешқайсысының кемістігі болмауы керек болғандай, Иса өзінің кемелді әрі еш кемістігі жоқ денесін құрбан етті (Пт1х 1:18, 19).
-
Түгел өртелетін құрбандықтар Құдайға толығымен ұсынылғандай, Иса да өзін Ехобаға толықтай ұсынды.
-
Құдай қабылдайтын татулық құрбандығын ұсынғандар онымен тату қарым-қатынаста болғаны сияқты, Иеміздің кешкі асында дәм тататын майланғандар да Құдаймен тату қарым-қатынаста болады.