МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
“Ұсақ екі тиынның” құны
Жесір әйелдің берген садақасы бір ішер қарапайым асқа да жетпейтін (w08-U 1.3. 12-б., 1—3 абз. қараңыз). Десе де оның берген садақасы Ехобаға ғибадат етуге байланысты шараларды қаншалықты бағалап, жақсы көретінін көрсетті. Сондықтан оның көктегі Әкесінің көз алдында бұл садақаның құны өте жоғары болды (Мр 12:43).
“ЕХОБАҒА АРНАЛҒАН СЫЙ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Садақамызбен қандай іс-шараларға қолдау көрсетеміз?
-
Берген садақамыз аз болып көрінсе де, неге ол бағалы?
-
Сіз тұратын жерде садақа жасаудың қандай мүмкіндіктері бар екенін қалай біле аласыз? (“ Көбірек онлайн біліңіз” деген қоршауды қараңыз.)