Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Жаратылыс әлемі Ехобаның даналығына сендіреді

Жаратылыс әлемі Ехобаның даналығына сендіреді

Біз үшін ненің дұрыс, ненің жақсы екенін Ехобадан артық ешкім білмейді. Сондықтан оның нұсқауларына толық сенуге болады (Н.с 16:3, 9). Алайда біздің ойымыз өзгешелеу болғанда, Ехобаның нұсқауы дұрыс дегенге сену қиын болуы мүмкін. Сондайда жаратылыс әлемі жайында ой қозғаған пайдалы. Ехобаның жаратылыстарына қарап оның даналығына деген сеніміміз қатаяды (Н.с 30:24, 25; Рм 1:20).

ЖАРАТЫЛЫС ҒАЖАЙЫПТАРЫ. КЕПТЕЛІСТЕ КЕПТЕЛМЕЙТІН ҚҰМЫРСҚАЛАР” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Құмырсқалар күн сайын не істейді?

  • Неге олар жолда кептеліп қалмайды?

  • Құмырсқалардың қозғалысынан адамдар не үйреніп жатыр?

ЖАРАТЫЛЫС ҒАЖАЙЫПТАРЫ. АРАНЫҢ ҰШУЫ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Кішкентай ұшақ қандай қиындықтар туғызады?

  • Неге қатты жел араларды ұшырып әкете алмайды?

  • Адамдар аралардың түйсікпен істейтін әрекетіне қарап, болашақта қандай жетістікке жете алады?

Сіз тұратын жерде Ехобаның даналығын паш ететін қандай жаратылыстар бар?