МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ехобаның айнымас сүйіспеншілігінің айқын көрінісі
Ехоба үшін сіз алтыннан да қымбатсыз, жақұттан да бағалысыз (Иш 43:4). Ол сізді өзіне, ұйымына жақындатып тартты. Бағышталып, шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін сіз Ехобаның меншігіне айналдыңыз. Ол сізді қатты бағалайтындықтан, сізді алақанына салып аялайды. Әсіресе басыңыздан қиын күндер өтіп жатқанда, қамыңызды жасайды. Ол айнымас сүйіспеншілігін ұйымы арқылы көрсетеді (Зб 25:10).
Табиғат тосын мінез көрсеткенде, Ехобаның ұйымы бірден көмекке келеді. Соны көргенде Ехобаның айнымас сүйіспеншілігіне деген алғысымыз ұлғайған үстіне ұлғая береді.
“ҮЙЛЕСТІРУШІЛЕР КОМИТЕТІНІҢ 2019 ЖЫЛҒЫ ЕСЕБІ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Үйлестірушілер комитеті дүниежүзіндегі филиалдарды төтенше жағдайларға қалай дайындады?
-
Ехобаның ұйымы Индонезия мен Нигериядағы бауырластарға қандай нұсқаулар беріп, қандай көмек көрсетті?
-
COVID-19 пандемиясы кезінде ұйым жасаған қай қимыл-әрекетке алғысыңыз шексіз?