Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Шомылдыру рәсіміне апарар жолдың қай жеріндесіз?

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Ехобаға қызмет етуге бел буыңыз

Ехобаға қызмет етуге бел буыңыз

Жас жариялаушылардың бірі болсаң я Киелі кітапты зерттеп жүрген болсаңыз, шомылдыру рәсімінен өтуді мақсат еттіңіз бе? Неге шомылдыру рәсімінен өтуге талпынуыңыз керек? Бағышталу мен шомылдыру рәсімінен өту — Ехобамен ерекше қарым-қатынастың бастамасы (Зб 91:1). Сондай-ақ бұл қадамдар сіздің құтқарылуыңызға сеп болады (Пт1х 3:21). Осы мақсатқа жету үшін не істей аласыз?

Бұл жолдың ақиқат екеніне көз жеткізіңіз. Көкейіңіздегі сұрақтардың жауабын табу үшін қосымша ізденіңіз (Рм 12:2). Қай жағынан өзгеруіңіз керектігін анықтаңыз. Бірақ өзгерудегі ниетіңіз Ехобаның көңілінен шығу болсын (Н.с 27:11; Еф 4:23, 24). Үнемі оған дұға етіп, көмек сұрай беріңіз. Ехоба құдіретті киелі рухымен сізді қолдап, нығайтатынына сенімді болыңыз (Пт1х 5:10, 11). Осыларды істеуге күш салсаңыз, еш өкінбейсіз. Өйткені Ехобаға қызмет ету — ең керемет өмір жолы! (Зб 16:11).

ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕ АПАРАР ЖОЛ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Шомылдыру рәсімінен өту үшін кейбіреулер қандай кедергілерден өтті?

  • Ехобаға бағышталу үшін сеніміңізді қалай өсіре аласыз?

  • Кейбіреулерді шомылдыру рәсіміне қажетті қадамдарды жасауға не талпындырды?

  • Ехоба оған қызмет етуді таңдағандарды қалай жарылқайды?

  • Бағышталу мен шомылдыру рәсімінен өту нені білдіреді?