Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Ақ отауыңыз берік болсын!

Ақ отауыңыз берік болсын!

Ехоба үшін неке анты аса маңызды. Ол ерлі-зайыптының бір-біріне “қатты жабысу” керектігін айтқан (Мт 19:5 сілт., 6). Құдай халқының ішінде үлгілі жұптар көп. Алайда кем-кетіксіз неке жоқ, қиындықтар міндетті түрде болады. Мына дүниеде жұбайлардың арасындағы қиындықтың шешімі бөлек тұру мен ажырасу деген түсінік кең тараған. Ал біз мұндай көзқарасқа жол бермеуіміз керек. Мәсіхші ерлі-зайыптылар шаңырағының іргесін берік ету үшін не істей алады?

Міне, маңызды бес қадам:

  1. Жүрегіңізді қорғау үшін қылымсу, өнегесіз көңіл көтеру сияқты нәрселерден аулақ болыңыз, өйткені бұлар некеңізге тек сызат түсіреді (Мт 5:28; Пт2х 2:14).

  2. Құдаймен достығыңызды нығайтыңыз және некеңізде оған ұнайтынды істеуге аянбай күш салыңыз (Зб 97:10).

  3. Жаңа болмысқа ие болуды доғармаңыз, сондай-ақ жарыңыздың өмірін сәл де болса жеңілдету үшін кішігірім игі істер жасаңыз (Қл 3:8—10, 12—14).

  4. Үнемі құрметпен сөйлесіп, мәнді де мағыналы әңгіме айтыңыздар (Қл 4:6).

  5. Некелік борыштарыңызды нәзік сезіммен, сүйіспеншілікпен атқарыңыздар (Қ1х 7:3, 4; 10:24).

Некені қадірлеу — оған бастау берген Ехобаны қадірлеу.

БІЗ “ТАБАНДЫЛЫҚПЕН ЖҮГІРУІМІЗ” ҚАЖЕТ. ЖАРЫСТЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ БАҒЫНАЙЫҚ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Некенің басы тәтті басталғанмен, қандай қиындықтар туындауы мүмкін?

  • Махаббаты сөнгендей көрінетін некедегі жұбайларға Киелі кітап принциптері қалай көмектеседі?

  • Некеңіз бақытты болсын десеңіз, Киелі кітап принциптерін қолданыңыз

    Ехоба некеге қатысты қандай ережелер орнатқан?

  • Неке баянды болу үшін жұбайлардың екеуінен де не талап етіледі?