МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Жыл сайынғы конгрестер — сүйіспеншілік көрсетудің сәті
Біз неге жыл сайынғы конгрестерімізді қатты ұнатамыз? Өйткені осы жиындарда біз ежелгі исраилдіктер сияқты жүздеген, тіпті мыңдаған бауырластармен Ехобаға ғибадат ету үшін бас қосамыз. Дастарқаны рухани ас-суға лық толы тойда боламыз. Бұдан бөлек, отбасымызбен және достарымызбен бірге керемет уақыт өткіземіз. Аймақтық конгресіміздің бір күнін де жібергіміз келмейтіні, міне, сондықтан!
Осылай жиналудың сәті туғанда, біз тек өз пайдамызды ғана емес, өзгелерге сүйіспеншілік көрсету жайлы да ойланғанымыз жөн (Ғл 6:10; Ев 10:24, 25). Бауырластарға есік ашып бергенде немесе тек өзімізге қажетті орындарды алғанда, біз өзгелердің мүддесін ойлайтынымызды көрсетеміз (Фп 2:3, 4). Конгрестеріміз — жаңа достар табудың керемет мүмкіндігі. Бағдарлама басталмай тұрып я біткен соң және түскі үзіліс кезінде өзіміз білмейтін бір бауырласпен танысуды мақсат етсек болады (Қ2х 6:13). Кім біледі, осындай жиындарда өзімізге ғұмырлық достар тауып қалармыз! Оның үстіне, бір-бірімізге шынайы сүйіспеншілік көрсетіп жатқанымызды көрген сырттағы адамдар бізге қосылып, Ехобаға қызмет етуді ұйғарар (Жх 13:35).
“СҮЙІСПЕНШІЛІК ЕШ САРҚЫЛМАЙДЫ” АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСТЕР” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
2019 жылғы халықаралық конгрестерге келген делегаттарға қалай сүйіспеншілік танытылды?
-
Ехобаның халқындағы бірлік пен сүйіспеншілік неліктен сондай ерекше?
-
Басқарушы кеңестің мүшелері мәсіхшілік сүйіспеншіліктің қандай қырларын айтып өтті?
-
Германия мен Оңтүстік Кореяда мәсіхшілердің сүйіспеншілігі қалай асқақтады?
-
Біз не істеуге бекінуіміз қажет?