МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ата-аналар, балаларыңызға білім беріңіздер
Біз жақсыны жаман, жаманды жақсы етіп көрсететін әлемде өмір сүріп жатырмыз (Иш 5:20). Өкінішке қарай, кейбіреулер Ехоба жек көретін істерге барады, мысалы, бір жынысты адамдардың арасындағы өнегесіз әрекетке. Мектептегі құрбы-құрдастары немесе басқалар біздің алтын жастарымызды өздеріне қосылуға еліктіруі мүмкін. Ата-ана болсаңыз, балаларыңызды осындай сынақтарға қалай жақсылап дайындай аласыз?
Балаларыңызға Ехобаның нормаларын үйретіңіз (М3ж 18:3). Олардың жас шамасын ескере отырып, Киелі кітапта жыныстық қатынас жайлы не айтылғанын бірте-бірте түсіндіріңіз (М5ж 6:7). Былай деп ойланып көріңіз: “Мен балаларыма сезімдерін дұрыс жолмен білдіруді және қарапайым киінудің маңыздылығын үйреттім бе? Өзгелер олардың жеке кеңістігін сыйлау керектігін (мысалы, бала шомылғанда не киімін ауыстырғанда өзгелер қарамау керектігін) түсіндірдім бе? Әлдекім порнография көрсеткісі келсе не Ехоба дұрыс емес деп санайтынды істетуге тырысса, балаларым қалай әрекет ету керектігін біле ме?” Балаңызға алдын ала үйретсеңіз, оны пәледен сақтайсыз (Н.с 27:12; Уғ 7:12). Балаларыңызға осындай білім беру арқылы Ехобаның сізге берген асыл “мұрасын” жақсы көретініңізді көрсетесіз (Зб 127:3).
“МЫЗҒЫМАЙТЫН ҮЙ САЛАЙЫҚ: БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫ “ЖАМАНДЫҚТАН” ҚОРҒАҢЫЗДАР” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Неге кейбіреулер балаларына жыныстық тәрбие беруден тартынады?
-
Неге ата-аналар балаларын “Ехоба айтқандай тәрбиелеп, оның ақыл-кеңесін беріп өсіру” керек? (Еф 6:4)
-
Ата-аналар балаларына жыныстық тәрбие беру үшін Ехобаның ұйымы қандай көмек ұсынуда? (w19.05 12-б., қоршау)
-
Балаларыңыз қиындыққа душар болмай тұрғанда, неге олармен жүйелі түрде әңгімелескен жөн?