МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Әрбір адамға уағыздау үшін ұйымдасқанбыз
Кезінде Ехоба исраилдіктерді ұйымдастырғанындай, бүгінде де еркін жүзеге асыру үшін өз халқын ұйымдастырады. Дүниежүзі бойынша филиалдар, аудандар, қауымдар және уағыздауға арналған топтар уағыз ісін алға жылжыту үшін жұмыла жұмыс атқарады. Біз әрбір адамға, соның ішінде өзге тілде сөйлейтіндерге де уағыздаймыз (Аян 14:6, 7).
Өзгелерге шындықты білуге көмектесу үшін басқа тілді үйренуді ойланып көргенсіз бе? Тіл үйренуге көп уақыт бөле алмасаңыз да, JW Language қосымшасынан қарапайым ұсыныс үйреніп алсаңыз болады. Сол ұсынысты қызметте қолданып көрген соң, тура бірінші ғасырдағы бауырластар сияқты қуаныш сезінуіңіз мүмкін. Өзге өлкелерден келген адамдар олардың аузынан “Құдайдың ғажайып істері жайлы” өз ана тілдерінде естігенде, қайран қалды (Е.і 2:7—11).
“ЕХОБАНЫҢ ДОСЫ БОЛ. ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ УАҒЫЗДА” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
JW Language қосымшасын қашан қолдануға болады?
-
Бұл қосымшаның кейбір функциялары қандай?
-
Сіз тұратын жерде адамдар қандай тілдерде сөйлейді?
-
Патшалық хабарына қызығушылық білдірген адам өзге тілде сөйлейтін болса, сіз не істеуіңіз керек? (od 100, 101-б., 39—41 абз.)