Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Құдай Сөзіне деген сеніміңізді арттырыңыз

Құдай Сөзіне деген сеніміңізді арттырыңыз

Киелі кітаптың адам өмірін өзгертетін құдіреті бар (Ев 4:12). Бірақ ондағы ақыл-кеңестердің пайдасын көру үшін адам Киелі кітаптың шын мәнінде “Құдай сөзі” екеніне нық сену керек (Сл1х 2:13). Құдай Сөзіне деген сенімімізді қалай арттырсақ болады?

Күн сайын бір үзінді оқып тұрыңыз. Киелі кітапты оқыған кезде, оның авторы Ехоба екенін дәлелдейтін жайттарды байқауға тырысыңыз. Мысал үшін, Нақыл сөздерді қарастырғанда, ондағы дана кеңестер әлі күнге дейін тиімділігін жоғалтпағаны жайлы ойланыңыз (Н.с 13:20; 14:30).

Зерттеу жүргізіңіз. Киелі кітап рухтың жетелеуімен жазылғанын дәлелдейтін айғақтарды қарастырып көріңіз. Мысалы, “Ехоба куәгерлерінің ізденіс құралының” ішінде “Киелі кітап” деген тақырыпқа кіріп, “Құдай рухымен жазылған” деген тақырыпшаны қараңыз. Киелі кітап еш өзгермегеніне көз жеткізу үшін “Жаңа дүние аудармасының” А3 қосымшасын қарастырып көрсеңіз болады.

БҰЛАРҒА НЕ ҮШІН СЕНЕМІЗ? ҚҰДАЙ СӨЗІНЕ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Мысырдағы ғибадатхананың қабырғаларындағы деректер Құдай Сөзінің растығын қалай дәлелдейді?

  • Киелі кітап өзгертілмегенін қайдан білеміз?

  • Киелі кітаптың біздің күнімізге дейін аман жеткені оның Құдай Сөзі екенін қалай дәлелдейді? (Иш 40:8).